oC

ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ

 Ұлытау облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімі «Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК шеңберінде құрылған құзыреттілік орталығының жоспарына сай 2025 жылдың 7 ақпан күні тәжірибе алмасу семинары өтті.  «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын іске асыру мақсатында «Құзыреттілік орталықтары арқылы мектепке дейінгі тәрбиешілердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету» тақырыбында өткен семинарға мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.  Педагогтар тәжірибе алмасу барысында балалардың физикалық, шығармашылық және коммуникативті, танымдық дағдыларын дамытуға ықпал ететін ойын әрекетін ұйымдастырудың практикалық әдістерін меңгерді.  Құзыреттілік орталыққа магнитті тартылған Сәтбаев қаласының «Күншуақ», «Балапан», Ұлытау ауданы «Айгөлек», Жаңаарқа ауданы «Еркетай» бөбекжайларының әдіскерлері презентация арқылы берілген тәжірибе мен теориялық ұсыныстарды жаңа өсу нүктелері бойынша атқарудағы жұмыстарымен бөлісті.  «Нұрбөбек» бөбекжайы «Өсу нүктесі» құзыреттілік орталығы «Жасыл балабақша» бағытында қолайлы заттық дамытушы орта құру мақсатында бөбекжайдың 2-ші қабатында «Айналаны танып біл!» орталығын, 3-ші қабатында «Арт» студиясын, сенсорлық орталығында «Сұйық еден», «Дыбыстық панель», «Шахмат», «Роботехника», «Құм терапиясы» жасақталып, құралдармен жабдықталған. «Ұлттық құндылық» орталығы ұлтымыздың асыл қазынасы болған асықтан үстел үсті бірнеше ойындармен толықтырылған.  Семинар рефлексиясы Google Дискіге салынған педагогикалық сұрақтар мен ұсыныстар арқылы өтті.

Kонсультативный пункт

Видеоматериялы

2023-2024 оқу жылында жүргізілген «Нұрбөбек» бөбекжайындағы консультациялық пункт жұмысының қорытындысы. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеудің маңызды бағыттарының бірі – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына бармайтын балалармен жұмыс. Осы орайда, «Нұрбөбек» бөбекжайында мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылмаған балалардың отбасына арналған консультациялық пункт жұмысы жоба ретінде құрылып іске асырылуда. Жоба мақсаты: мектепке дейінгі ұйымның тәрбие және білім беру процесіне ата - аналарды тартуда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету. КП міндеттері: - Баланың тәрбие алуы мен оқуы үшін қолайлы жағдай жасау мәселелерінде ата-аналарға кеңес беру; - Үй жағдайында баланың қалыпты дамуын қамтамасыз ету; - Мектепке дейінгі ұйымға келген кезде балалардың қолайлы бейімделуін қамтамасыз ету; - Балалардың дамуындағы түрлі ауытқушылықтарға кешенді профилактика жүргізу, ата-анаға дұрыс бағыт-бағдар беру; - Баланың табысты әлеуметтендірілуіне қолғабыс жасау. Бөбекжайда КП құру алгаритимдік кезеңдер арқылы жүзеге асырылады. 1-кезеңде ТАЛДАУ. - Әлеуметтік сауалнама жүргізу; - Қолданыстағы жағдайларды талдау; - Іс-шаралар және ағымдағы жағдайды зерделеу; 1-кезеңнің нәтижесінде жобаның жұмыс тобы құрылды. Жоғарыда атап өткен әлеуметтік сауалнама үлгісі назарларыңызға ұсынылып отыр. Бұл сауалнама консультациялық пунктімізге алғашқы болып тіркелген 6 ата-анамызбен жүргізілген болатын. Сауалнама арқылы бала жайында, ата-ана жайында толық ақпарат алынды. Ата-аналарды қызықтыратын қызмет түрлері, кеңес беру формалары анықталды. Алынған сауалнаманы талдау нәтижесінде консультациялық пункт қызметкерлерінің жұмыс бағыттары анықталып, ата-ана тарапынан сұраныс бойынша келесі тақырыптар сараланды: - Балабақшаға бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру; - Ерте жастағы балалардың жас кезеңдері; - Балалардың дұрыс тамақтануы; - Үйдегі балалардың ойын әрекеті; - Балаларды сауықтыру және т. б. Консультациялық пункттің жұмыс тобы: - Ата-ана өтінішін қабылдаушы – бөбекжай директоры; - Мамандардың қызметін үйлестіріп, бағыттаушы – бөбекжай әдіскері; - Баланың бейімділігі, қызығушылығы және қабілетінің дамуына жағдай жасаушы – тәрбиешілер; - Бала денсаулығын нығайтушы – медбибі; - Балаға психологиялық қолдау көрсетуші және сүйемелдеуші - педагог-психолог; - Баланың сөйлеу ақауларын түзетуші – педагог-логопед; - Баланың музыкалық қабілеттерін дамытушы, балалардың даму ортасын өзгертуге белсенді қатысушы – музыка жетекшілері; - Баланың қимыл белсенділігін дамытушы, салауатты өмір салтын қалыптастырушы – дене шынықтыру нұсқаушылары. 2-кезең НОРМАТИВТІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ кезең. - Нормативтік құқықтық базаны дайындаудан және - Кадр әлеуетінің біліктілігін арттырудан тұрады. 2-кезең нәтижесінде жобаны жүзеге асыру жоспары құрылды. Жоспар бойынша оқу жылының әр айына сәйкес келесідей жадынама, кеңестер, ұсыныстар, кездесіп-жүздесулер, ой-пікір алмасу, шеберлік сағаттар ескеріліп жүзеге асырылды. - «Отбасындағы және оған дейінгі 2-3 жастағы балалардың қауіпсіздігі», «Сенсорлық интеграция элементтері бар балаларға арналған ойындар», «Үйдегі баланың қозғалыс белсенділігі», «Үй жағдайындағы құм ойындары» тақырыбында ұсыныстар; - «Баланың балабақшаға бейімделуі», «Баланың денсаулығы біздің қолымызда», т.б. тақырыптар төңірегінде кеңестер; - «Біздің сүйікті жануар», «Отбасылық бақыт алфавиті», «Ұлттық құндылық тәрбиенің қайнар көзі» тақырыптарында шеберлік сағаттары; - «Кел, танысайық!», «Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі», «Баланың өміріндегі ертегінің рөлі», т.б. тақырыптар аясында кездесулер. 3-кезең белсенді әрекеттен тұрады. - Дамыту ортасын құру; - Кеңес беру файлдарын дайындау; - Іс-шаралар бағдарламасын жүзеге асыру; - Бақылауды жүзеге асыру. 3-кезең нәтижесінде КП-да бала санының өсуі және қызығушылық танытқан ата-аналарының болуы аса мұқияттылықпен қадағаланды. Консультациялық пункт жұмысы басталған алғашқы уақыттарда 6 ата-ана тіркелген болса, оқу жылының соңында айындағығы көрсеткіш 12 ата-ананы құрады. IV - кезең әрекет талдау кезеңі Консультациялық пункттің шартты индикаторларды талдау және жұмыс істеу көрсеткіштерін анықтаудан тұрады. IV – кезең жылдық нәтижесі мониторинг. - Баланың балабақшаға келу қызығушылығы – 33% (4-5 жас аралығындағы балалар) - Баланың балалармен ойнау қажеттілігі – 19% (3-4 жас аралығындағы балалар) - Баланың жеке ойнау қажеттілігі – 8% (3-4 жас аралығындағы бала) - Баланың ата-анамен ғана болуы – 40% (2-3 жас аралығындағы балалар) Мониторинг қорытындысы бойынша ұтымды жағы 52%-ды көрсетті, яғни балабақшаға келуге деген құлшынысы бар, қатарластарымен қарым-қатынас орнатып бірге ойнау қажеттілігі бар балалар. Ал қалған 48% балалармен жұмысты жасының кішкентай болуына байланысты тек ата-анасымен бірге болғанда ғана жүзеге асыру мүмкіндігі байқалды. Ата-аналар тарапынан атқарылған жұмыстарға жағымды пікірлер айтылды. Жазылған жағымды пікірлер алдағы уақытта жұмысты жандандыруға деген құлшынысымызды одан әрі жандандырды. Консультациялық пункт жұмысын жүзеге асырудағы күтілген нәтижелер мен ұсыныстарға келетін болсақ: Мониторинг сараптамасының қанағаттанарлық нәтижелері: - Балаларды мектепке дейінгі ұйымға тартуды қамтудың тиімділігі артты; - Ата-аналардың қажеттіліктеріне педагогикалық қолдаудың оң әсері тиді; - Ата-аналардың тәрбие мәселесінде психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыруының, дамуы мен баланың денсаулығы және жан-жақты қалыптасуының сәттілігі байқалды. Нәтижелерге сүйене отырып, алдағы уақытта жоба жұмысын одан әрі жандандыру үшін Ұсыныстар берілді. - Мектепке дейінгі ұйымда КП-ның материалдарын сұранысқа сай түрлендіру; - Мектепке дейңінгі ұйымда баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету; - Мектепке дейңінгі ұйымға баланы ерте жастан ортаға қалыптасуына әлеуметтік қолдау және тәрбие мен білім беруді дамыту; - Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында серіктестік құру, сенімді байланыс орнату. Осылайша мектепке дейінгі ұйымдағы КП жұмысын жаңғырта аламыз. Ендігі кезекте консультациялық пункт жоспарына сәйкес жүргізілген жұмыс формаларына қысқаша тоқталып өтсем. Ата-аналарға арналған консультациялық пунктті ұйымдастырудың жеке, жартылай топпен және топтық өткізу формалары басшылыққа алынды. Атап айтатын болсақ, жеке жұмыста бала болмаған кезде ата - аналарға жеке кеңес беру, кездесу арқылы немесе телефон арқылы сұхбаттасу, ватсап әлеуметтік желісін пайдалану арқылы кеңестер беру. Сондай-ақ, маманның бала мен ата-анасының бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру жұмыстары басшылыққа алынады. Жартылай топпен жұмыста бірдей проблемалары бар отбасыларға топтық кеңес беру мен іс-шаралар ұйымдастырылады, байланыс телефоны арқылы берілген ата-аналардың өтініштеріне жауаптар беріледі. Топтық жұмыста МДҰ-нің ұйымдастырған іс-шарасына барлық ата-аналардың қатысуы назарға алынады, ата-аналардың бір-бірімен араласуы мен пікірлесуі арқылы ұйымға ұсыныстар бере білулеріне мүмкіндік беріледі. Әрбір үйден табылатын кез келген затты дамытушы ойын элементі ретінде қолдануға болатындығын кез-келген тәрбиеші, балабақшада қызмет ететін маман білетіні сөзсіз. Қол жетімді заттардан дамытушы ойындар жасап баласының дамуына үлес қосуды ата-анаға да үйрету бағытында шеберлік сағаттар ұйымдастырылды.. Сенсорлық интеграция ойындарының мақсаты сипап сезу арқылы қабылдауды, ойлауды дамыту, саусақ, алақан бұлшық еттерінің сезімталдыығын арттыру, мидың 2 жартышарының бірдей дамуына ықпал ету, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Ойындарды балабақша тәрбиеленушілерімен ойнау барысын видео арқылы КП ата-аналарына сайт, әлеуметтік желі арқылы ұсындық. Құм терапиясы баланың қиялын, көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Үй жағдайында ойнауға болатын құм терапиясы ойындарының түрлері де видео арқылы ата-аналар назарына ұсынылды. Құмның орнына әр үйден табылатын ұнтақ жармасын қолдану арқылы қызықты ойындар ойнап баласының дамуына үлес қосуға шақырылды. Бұл «Кел, танысайық!» ата-аналарға арналған тренинг. КП тіркелген ата-аналармен танысу, ата-ана мен балабақша арасындағы байланысты нығайту, жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Бала мен ата-ананы балабақшамен таныстыру, болашақта бала балабақшаға баратын болған жағдайда қайда бара жатқандығы жайында түсінігін қалыптастыру мақсатында «Балабақша – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында кезекті кездесу ұйымдастырылды. Ата-аналар мен бүлдіршіндер топтарды аралап, балабақша өмірімен, бөбекжайда жұмыс атқаратын мамандармен, олардың жұмыс бөлмесімен танысты. Сенсорлық бөлмеде дамытушы ойындар ойнап, дене шынықтыру кабинетінде қимылдық ойындар ойнап көңілді тарқасты. Бала тәрбиесінің бірі – ұлттық ойын топтардағы Наурыз мерекелік іс-шараларға шақырылып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелді, ұлттық ойындармен танысып, бірге ойнады және ата-аналармен ұлтымыздың ою-өрнектерінің қол жетімді заттардың көмегімен төсеніштер жасап алып балаларға ойнау барысында қолданылса нұр үстіне нұр болатыны түсіндірілді. Консультативтік пункттің көмек көрсету қызметкерлерінің қатарындағы шебер тәрбиешілер өз қызметтерін көрсету барысында ата-аналармен шеберлік сыныптар ұйымдастырды, ата-аналарға үйлеріндегі қол жетімді заттардың көмегімен бала үшін қызықты әрі дамытушы ойыншықтардың және дидактикалық ойындардың жасалу жолдарын үйрете отырып, ойналу тәсілдерін де көрсетті. Аталған жұмыстардың барлығы жоспарға сай бөбекжай сайтының http://nurbobek5-satpaev.1-bilim.kz/ КП айдарында және facebook https://www.facebook.com/nurbobeksatpaev?mibextid=ZbWKwL, instagram https://www.instagram.com/nurbobek_satpaev?igsh=MWxybm9lMTFrazRmNA== парақшаларында жарияланып отырылады. Үй жағдайында жасалатын ерекше дамытушы ойындар (шеберлік сағат) Дамытушы ойындар оқу-тәрбие үрдісінде баланың қмірінде маңызды рөл атқарады. Кез-келген негiзгi функцияларының бiрi білім және баланың дамуы болып табылады. Әр бала қоршаған ортаны ойын және ойыншықтар арқылы таниды. Ойын — кіші жастағы балада қоршаған ортаны танудан және қоршаған заттарды зерттеуімен және оларды салыстырудан басталады. Бала үшiн ойынның негiзгi элементтерi ойыншықтар болып көрiнедi, сол сияқты қоршаған әлемнiң бұйымдары. Дамытушы ойындар өте эмонационалды және қызықты. Олар баланың шығармашылық қабілеттіліктерінің дамуына жағдай жасайды, логикалық ойлауды қалыптастырады. Дамытушы ұйымдастырылған іс-әрекеттер балаларға нақты әсер етеді. Олардың көмегімен балалар өмір сүруді үйренеді. Дамытушы ойындар танымдық сезімді оятады. Нұрбөбек» бөбекжайында мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылмаған балалардың отбасына арналған консультациялық пункт жұмысы жоба ретінде құрылып іске асырылуда. Жобаның мақсаты мектепке дейінгі ұйымның тәрбие және білім беру процесіне ата - аналарды тартуда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету. Консультациялық пункт жұмысының жоспарына сай «Нұрбөбек» бөбекжайына қонаққа ата-аналарды шақырып үй жағдайында балаларға арналған дамытушы ойындар бойынша шеберлік сағаттар ұйымдастырылды. Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға, зейінін тұрақтандырып, ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындар. Балалар ата-анасымен бірге ұсынылған ойындарды қызыға ойнап, берілген тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты. Тәрбиеші Абенова Айнур Оразбековнаның экологиялық тәрбиеге бағытталған шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Күнделікті қоқысқа тасталатын пластик бөтелкелер мен балалардың сүйікті әуе шарларын қолдану арқылы жануарлар жасауды үйретті. Бұл бала үшін де, анасы үшін де өте қызықты әрі пайдалы ойын түрі болды. Тәрбиеші Байгенжинова Л.К. марблс тастарын қолдану арқылы файлға фери сұйықтығын құйю арқылы жылжытпа ойындарының жасалу жолдарын көрсетті. Үйдегі қолжетімді заттардан баланы жалықтырмайтын әрі оның танымдық дамуына зор үлес қосатын ойындар баламен бірге әзірленіп, ойналу барысы турала бөбекжай педагог-психологы Мылтықбай А.А. дидактикалық ойындардың ойналу әдістерін түсіндіре отырып жасалу жолдарында қамтыды. Ойынға қызықпайтын бала жоқ. Тек қызықтыра білу керек

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған келесі электронды өнімдерді (IP: 77.245.105.165) 

- қазақ тілін үйренуге бағытталған «Tilqural.kz», «Abai.institute», «Tilmedia.kz», «Balatili.kz» порталдары;

- сөздік қорды байытуға бағытталған «Emle.kz», «Тermincom.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» порталдары;

- барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz»порталы;

- жер-су атаулары жинақталған ономастикалық «Atau.kz» базасы;

- еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz» (портал және конвертер) ұлттық порталы;

- тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған «Tilalemi.kz» сайты.


Ертегі – бала тәрбиесінде ой-өрісті өнегелі  дамытуының құралы.

 

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің құралы әдебиет, оның ішінде көркем әдебиеттің көне жанры – ертегі. Ертегінің көркем де жеңіл тілі баланың қиялына қанат бітіріп, арманын асқақтатып, еңбексүйгіштікке, адалдыққа, батылдыққа тәрбиелейді.

Мектепке дейінгі ұйымдағы балаларға ертегіні үйрету арқылы сөйлеуге, өз ойларын әдемі жеткізіп баяндауға, тыңдағанын есте сақтап, мазмұндап айта білуды жетілдіру мақсатында аймақтық  деңгейдегі әлеуметтік-педагогикалық жоба «Әжемнің ертегісі» 2020 жылдан бастап  бөбекжайда басшылыққа алынды.

Қазақ халық және әлем халықтарының  ертегілерін  пайдалану арқылы балаларды туған өлкенің, мемлекетінің мәдениетімен таныстыру арқылы және ойын іс-шараларына қатысуы арқылы шығармашылық байланысын қолдауға, отбасындағы ертегілерді оқу және айту дәстүрлерін жалғастыруға, педагогтермен қатар, сонымен бірге ата - әже мен әке - шешенің отбасындағы рөлін, ең алдымен рухани құндылықтардың аудармашысы ретінде анықтауға бағытталған.

«Әжемнің ертегісі» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Нұрбөбек» бөбекжайы  «Ертегі білуге құштар балабақша» айдарымен шығармашылық топ жұмыс жоспарын құрып, жүзеге асырырылуда. Бөбекжайда жобасының жұмысын жүргізуде бірнеше жұмыс түрлерін қамту арқылы жүргізілуде:

  • Драматизациялау (орамал, тантамаресок, конус театрлары) қойылымдар;
  • Картиналарды иллюстрация жасаумен және қозғалмалы мультфильмді сөйлету тәсілдері;
  • Қасық және қуыршақ театр қойылымдары.

Ересек пен мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілері бөбекжайдың ең кішкентай топ тәрбиеленушілеріне арнап шығармашылық топтың құрған «Балақай» атты қуыршақ тетры қойылымдар көрсетуде. Қуыршақ театры - бұл сахналық өнер, ол кішкентай көрермендерге көркемдік құралдар жиынтығымен әсер етеді. Қуыршақ театрының қойылымдарын көрсету кезінде көркем сөз, көрнекі сурет – қуыршақ, көркем және сәндік дизайн, музыка-ән, музыкалық сүйемелдеу қолданылды. Қуыршақ театрын шебер пайдалану балабақшаның күнделікті жұмысында мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесіне үлкен көмек көрсетеді.

 «Әжемнің ертегісі» жобасы ертегіні үйрету арқылы балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне қорытынды жасай отырып, балаларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуде, баланың дүниетанымын байыту, қоғамдық өмір туралы ұғымдарын кеңейту, эстетикалық сезімдерін ояту жолында тиімді жоба екенін атап өтуге болады.

Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын қазақ ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі мол. Жоба жұмысы алдағы уақытта мақсатын тоқтатпай жалғасын табарына сенімдіміз.

 

 



Название Скачать
1 №1 журнал Нұрбөбек





КГКП «Учебно-методический центр развития образования Карагандинской области»

Мероприятие социально-педагогический проект

«Әжемнің ертегісі»

Управления образования города Сатпаева. КГКП «Ясли сад «Нұрбөбек» организовал соревнования по музыкально - спортивному направлению с воспитанниками группы предшкольной подготовки «Балапан», по мотивам казахской народной сказки «Ақ лақ пен қара лақ».

Цель: развивать словарный запас, через использование казахских народных сказок,приобщить детей к культуре родного края, путем изучения государственного языка. Прививать детям чувства дружбы, уважение к сверстникам.

Сказка – самое первое познание жизни ребенка. В сказках мы передаем детям всю накопленную мудрость народа, к которому они принадлежат.



View the embedded image gallery online at:
https://nurbobek.edu.kz/ru/dlya-roditelej.html#sigProIdfca1290bd0