Мақсаты: Балалар экспериментін танымал етудегі балабақша мен отбасының өзара әректі.
Міндеттері:
- Мектепке дейінгі жастағы балаларды практикалық-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы олардың табиғи-танымдық дамуы бойынша балабақша жұмысын жетілдіру;
- Эксперимент және іздеу-зерттеу іс-әрекеті үдерісінде мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі мен қызығушылығын дамыту, балаларда тұтас «әлем бейнесі» идеяларын қалыптастыру.
Білім беру әлеуеті тақырыптық апталығы:
Педагогтар:
- Практикалық - танымдық қызметті қалыптастыру бойынша мектепке дейінгі ұйымның әдістемелік қызметінің жұмысын жүйелеу; осы бағыттағы міндеттерді тиімді іске асыру үшін жағдай жасау;
- Балалар экспериментін және іздеу - зерттеу қызметін ұйымдастыру мәселелерінде педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру;
- Балалар экспериментін танымал етуде балабақша мен отбасының ынтымақтастығын ұйымдастыру; өзара әрекеттесудің белсенді формалары мен әдістерін қолдану.
Балалар:
- Табиғи - танымдық қажеттіліктерді қалыптастыру, практикалық таным үрдісінде зерттеу қызығушылығы мен шығармашылығын дамыту;
- Практикалық және ақыл - ой экспериментіне қабілеттерді дамыту, зерттеу дағдыларының «багажын» жинақтау, әлемді танудың әртүрлі тәсілдерін, ақыл - ой операцияларын игеру;
- Дербестікті, бастамшылдықты дамыту, ой - өрісін кеңейту.
Ата-аналар:
- Ата - аналарды мектеп жасына дейінгі балалардың табиғи - танымдық дамуы мәселесі бойынша педагогикалық ізденістің бағыттарымен таныстыру, ата - аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру;
- Балалар экспериментін ұйымдастыру мәселелерінде ата-аналадың практикалық дағдыларын дамыту;
- Ата-аналарды осы мәселе бойынша балабақша педагогтерімен ынтымақтастыққа ынталандыру, отбасының шығармашылық әлеуетін дамыту, баланың танымдық дамуының тиімді әдісі ретінде балалар экспериментін танымал ету.
View the embedded image gallery online at:
https://nurbobek.edu.kz/ru/metodicheskaya-nedelya/137-zharatylystanu-tanymdy-sauattyly-aptaly-y.html#sigProId5eda20a073
https://nurbobek.edu.kz/ru/metodicheskaya-nedelya/137-zharatylystanu-tanymdy-sauattyly-aptaly-y.html#sigProId5eda20a073