oC

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

  • Білім беру ұйымының атауы: Қарағанды облысы білім басқармасының Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Нұрбөбек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

       Орналасқан жері: Сәтбаев қаласы, Шаталюк көшесі 40 ғимарат

        Телефон нөмірлері: 8(71063)31632, 87774855542;

        электрондық пошта Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

  • уақытша бос лауазымның атауы: қазақ тілі мұғалімі

жүктеме мөлшері: 0,75

еңбекке ақы төлеу мөлшері: 98368теңге

  • Негізгі функционалдық міндеттері:

қазақ тілінің мұғалімі оқылатын тілдің ерекшелігін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес балаларды оқытуды жоспарлайды және ұйымдастырады. Қазақ тілін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін балалармен ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізіледі. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілдік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, олардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдесу.Оқытудың әртүрлі формаларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты пайдалану, инновациялық технологияларды меңгерту. Жоспарлауға ғылыми-әдістемелік көзқарасты жүзеге асырады, дамытушылық оқытуға орната отырып, сабақтарға бағдарламалық материалдарды пысықтайды және түзете алады. Бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер әзірлейді. Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарында балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады, кәсіби құзыреттілігін арттырады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

      4) құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.09.2022 бастап

      5) қажетті құжаттар тізбесі;

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  10. Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.