oC

«ҚР Мемлекеттік рәміздері  туралы»

2023 жылына арналған іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат

 

2023 жылда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуына байланысты және балаларға патриоттық, азаматтық тәрбие беру мақсатында «Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Заңының орындалуына арналған іс-шаралардың өту деңгейін бақылайтын комиссия құрылды.

Бөбекжайдың холында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңының ережесіне сәйкес бұрышы жасалынды. «Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК «ҚР Мемлекеттік Рәміздері туралы» ҚР Заңының орындалуына байланысты және балаларға   патриоттық, азаматтық  жылдық жоспар құрылып, үнемі іс-шаралар мемлекеттік Рәміздері насихатталды. Соған байланысты челлендж, викторина, сурет салу көрмелері алынды.

Бөбекжайдың күн тәртібінде дәстүрге айналған әр дүйсенбі күндері ересектер мен мектепалды топтарының ҚР Гимні орындалуы қамтамасыз етілген.

         Музыка жетекшілері, топ тәрбиешідері, қазақ тілі мұғалімінің топтасуымен мектепалды «Б» тобында «Тарихтан туған рәміздерім» викторина ұйымдастырылды.

Ересектер топтары арасында «Туым-теңдігім» әңгімелесу жұмысы ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/reel/CrBkjQqoxIx/?igshid=ZTcxMWMzOWQ1OA== .

ҚР «Бұл менің Туым, бұл менің Елтаңбам!» меркесіне орай челленджін мектепалды топтары арасында өтті

https://www.instagram.com/p/CtEVH5asaOp/?igshid=ZTcxMWMzOWQ1OA== .

«Мемлекеттік рәміздер мақтанышым» тақырыбында зияткерлік жарыс ұйымдастырылды https://www.instagram.com/reel/CwxCtMgsq45/?igshid=ZTcxMWMzOWQ1OA== .

«Көк байрағым» ересектер топтары арасында  мәнерлеп оқу байқауы болды https://www.instagram.com/reel/C0Mriz_MreS/?igshid=ZTcxMWMzOWQ1OA== .

«Рухы биік рәміздер» сурет көрмесі мектепалды топтар арасында болды

https://www.instagram.com/reel/C1H3-ZZMiRA/?igsh=Njl3cGU1OGI1dmV2 .

Салтанатты мерекелерде «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» бейнефильмдерді көрсетіліп, құрметтеуге дәріптеді.

Елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту, әрбір бөлшегіндегі ұлттық символиканы ұғындыру, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңыздылығын, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін түсіндіру жұмыстары жыл бойы жүргізілді.

2023 жылында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерін насихаттау жұмысының орындалуы, іс-шаралардың жоғары деңгейде өту жұмыстары орындалып, қадағаланады.

View the embedded image gallery online at:
https://nurbobek.edu.kz/a-parat.html#sigProId605a454148