oC

«Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК

шеңберінде құрылған озық педагогикалық тәжірбиені тарату

құзіреттілік орталық жобасын жүзеге асыру

туралы ақпарат

 

«Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК шеңберінде құрылған озық педагогикалық тәжірбиені тарату құзіреттілік орталық жобасын жүзеге асыруға қатысқан серіктес бөбекжайлар Сәтбаев қаласынан «Балапан» бөбекжайы» КМҚК, «Күншуақ» бөбекжайы» КМҚК, Ұлытау ауданы «Айналайын» бөбекжайы» КМҚК, Жаңаарқа ауданы «Еркетай» бөбекжайы» КМҚК.

Құзыреттілік  орталығының жүзеге асыру жоспарына сай 2023 жылы келесідей іс-шаралар жүзеге асырылды.

Қыркүйек айында серіктес балабақшаларды алдын ала  бақылау жасау мақсатында электронды сауалнама жүргізілді.

Қазан айында бақылау нәтижелерін талдауда сауалнаманың қорытындысымен  серіктес бөбекжайларға таныстырылды және заттық дамытушы кеңістікті ұйымдастыруға қойылатын талаптары туралы кеңестер ұсынылды https://www.instagram.com/reel/C0JSYTnMcz6/?igshid=NTYzOWQzNmJjMA== .

Қараша айында балабақшадағы балаларға арналған оқшаулау (оңаша, құпиялылық) орталығы туралы ұсыныста келесі мәселелер айтылды: қол жеткізуге бағытталған бірқатар міндеттерді шешу жолдары, мектепке дейінгі білім беру ұйымындағы оңаша орталығын жобалауға белгілі бір талаптардың орындалысы, әрбір оңаша орталығы үшін педагог төлқұжат жасауы туралы, оңаша ортасын дамытуға арналған құралдар қатарымен таныстырылды

https://www.instagram.com/reel/C0JWUhIsvIp/?igshid=NTYzOWQzNmJjMA==.

Балаларға психологиялық жайлылықты қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының топтарында арнайы оңаша орталықтары немесе релаксация аймақтары құрылады. Презентация мазмұнында «Нұрбөбек» бөбекжайындағы топтардағы оқшаулау (оңашалау) орталықтарының фото отчетпен қатар қол жетімді түрде орналастыруға болатын түрлері ұсынылды https://nurbobek.edu.kz/toptar.html .

Қараша айындағы берілген ұсыныстардың «Балабақшадағы оңаша орталығы арқылы балалардың өздерімен үйлесімді болуына тиімділігі туралы» орталығының орындалу нәтижесі:

Сәтбаев қаласының 11 топты «Балапан» бөбекжайында 91% (10 топта) орындалды.

Сәтбаев қаласының 10 топты «Күншуақ» бөбекжайында 90% (9 топта) орындалды.

Ұлытау ауданының 5 топты «Айгөлек» бөбекжайында 60% (3 топта) орындалды.

Жаңаарқа ауданының 2 топты «Еркетай» бөбекжайында оқшаулау ортасын 2024 жылдың қаңтар айына орындалуын жоспарланып отыр.

Мектеп жасына дейінгі баланың жүйке жүйесі дамып келе жатқандықтан, оның психикалық жағдайы өте тұрақсыз. Баланы таң қалдыру, көңіл көтеру, ренжіту оңай.

Балаларға психологиялық жайлылықты қамтамасыз ету үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының топтарында арнайы оңаша орталықтары немесе релаксация аймақтарының құрылуы өте қажетті.

Желтоқсан айының жоспарына сәйкес «Мобильді кітапхананың маңызы» атты тақырыпта оның жасалу жолдарының ережелері ұсынылды. https://youtu.be/8wvk7dh8-9M, https://nurbobek.edu.kz/toptar.html. «Нұрбөбек» бөбекжайының холдағы орналастырылған мобильді кітапханасымен таныстырылынып QR кодпен қалай табу жолдарымен қатар топтардағы жасалған шағын орталықтармен танстырылды.

Сәтбаев қаласының 11 топты «Балапан» бөбекжайында 3 топта мобильдік кітапхана орталығы бар екендігі айқындалды әрі қарай барлық топтарда жандандырылу 2024 жылдың қаңтар айында толық қамтылатындығы айтылды. Қалған балабақшаларда келешекте жүзеге асырылатыны туралы атап өтті.

Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК шеңберінде құрылған озық педагогикалық тәжірбиені тарату құзіреттілік орталық жобасын жүзеге асыруға қатысқан серіктес бөбекжайлар «Балапан», «Күншуақ», «Айналайын», «Еркетай» бөбекжайлары арасынды жағымды бірлесе жұмыс істеу  қарым-қатынасы қалыптасты.

 2024 жылдың жоспарына сай келесі мәселелер жоспарланып отыр:

Қаңтар айына – «Бизиборд – баланы дамытудың ерекше құралы». Балалармен оқу-тәрбие үрдісін жаңашыл ұйымдастыруда  педагогтардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін арттыруды балабақшалардың өзекті мәселесі етіп алынды. Заман талабына сай қабырғаларда балаларға қызмет көрсетуі бойынша осындай бизиборт ойыншығының маңызы аса зор болғандықтан есепке алынып отыр.

Ақпан- наурыз  айларына – «Инновациялық технологиялардың түрлерін қарастыру». Атап өтсек:

«Проппа карталарын» қолдану психикалық процестердің дамуын ынталандырады, балаларға көптеген ақпаратты есте сақтауға мүмкіндік береді, үйлесімді сөйлеуді белсендіреді, монологиялық және диалогтық сөйлеуді дамытып қана қоймайды, сонымен қатар балалардың танымдық бастамасын қолдайды.

«Марблс тастары» жұмыс ұсақ моториканы, тактильді сезімдерді, ойлауды, шығармашылықты, қиялды және басқа психикалық процестерді дамытады.

 «Мандалотерапия» - бұл эмоционалды жағдайды өзгертудің, шиеленісті жеңілдетудің, сезімдерді білдірудің және өзін-өзі реттеуді дамытудың қауіпсіз және табиғи тәсілі.  

 «Пуантилизм» - бұл сөзбе-сөз нүктелермен, нүктелік соққылармен сурет салу. Олар бір-біріне өте жақын орналасады және кез келген пішінде болуы мүмкін: төртбұрышты, ұзартылған немесе дөңгелек.

Зоотроп  - анимация жасауға арналған таңғажайып техника. Зоотроп анимацияны ойнатуға арналған оптикалық ойыншық.

Тауматроп ойыншығы ересек балаға «көру инерциясы» принципін түсіндіруге жақсы мүмкіндік алады, соның арқасында балалар көңіл көтеруге пайдасы зор тиімді тәсіл екенін білуге болады

Қазіргі  қарқынды даму әлемінде ерекше оның ішінде тарихи техникаларды жаңарту өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады.

Сәуір – мамыр  айларына – «Танымдық-шығармашылық ойындарды қолдану әдістемесі» тақырыбы алынды. Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші алдында тұрған ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керектігі ескерілген.

View the embedded image gallery online at:
https://nurbobek.edu.kz/zhoba.html#sigProIdfe97ecc87f

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ «ӨСУ НҮКТЕЛЕРІ» ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ОРТАЛЫҚТАРЫ ПИЛОТТЫҚ ЖОБА БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары» пилоттық жобасына және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау өлшемшарттарының апробациясына қатысқан Сәтбаев қаласы «Нұрбөбек» бөбекжайында пилоттық жоба тәжірибесімен бөлісу мақсатында ағымдағы 2023 жылдың 24 ақпанында «Өсу нүктесі – педагогтер мен тәрбиеленушілердің заманауи құзыреттіліктерін дамытудың инновациялық алаңы» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында мектепке дейінгі білім берудің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы озық тәжірибені мектепке дейінгі ұйымдардың практикасына тарату және енгізу, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру талқыланды. «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» пилоттық жобаға тақырыптарында дәріс беріліп, тәжірибе жұмысымен ұштастырылынып соңынан тренингтермен бекітілді. Аталған семинарда өте мазмұнды және сапалы ұйымдастырылып өткізілді.

View the embedded image gallery online at:
https://nurbobek.edu.kz/zhoba.html#sigProIda64eade326

Қарағанды ​​облысының білім басқармасы

Қарағанды ​​облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы

 

Әлеуметтік-педагогикалық жоба

«Сырттай балабақша»

 

Жоба мақсаты:

Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.

Жоб міндеттері:

  • Әр түрлі іс-шараларда ата-аналардың педагогика, жас психологиясы мәселелері бойынша білімдерін кеңейту;
  • Практикалық көмек көрсету үшін отбасымен байланыс орнату;
  • Шағын аудан тұрғындары арасында мектепке дейінгі ұйымның қызметін насихаттау.

Жоба мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен тығыз ынтымақтастығына және балалардың ерте даму проблемаларын шешуге бағытталған. «Сырттай балабақша» жұмысы балалары балабақшаға бармайтын отбасылардың әлеуметтік оқшаулануын барынша қысқартуды қамтамасыз етуге көмектесу, мамандардың білікті практикалық және консультациялық көмегін көрсету.

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы «Нұрбөбек» бөбекжайында «Сырттай балабақша» жобасы шеңберінде «Балабақша – тәрбиенің бастауы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды, онда бөбекжай педагогтары осы жобадағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара қатысушыларына «Сырттай балабақшаға» баратын ерте жастағы балалардың ата – аналарына арналған үйрету шеберлік сыныптары көрсетілді. Барлық шеберлік сыныптары балалардың эмоционалдылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Жобаға қатысқан ата-аналар іс-шара жұмысына өздерінің пікірлерін ұсынды.





View the embedded image gallery online at:
https://nurbobek.edu.kz/zhoba.html#sigProId84125b0da4

View the embedded image gallery online at:
https://nurbobek.edu.kz/zhoba.html#sigProId60fe497471



Проект «Жас оқырман» выставка фотоколлажа совместно с родителями в старших и предшкольной подготовки.
Цель: вместе с родителями развивать у детей интерес к книгам, речь детей, мышление, любознательность. Привлечение родителей к проблеме становления читательского интереса.

View the embedded image gallery online at:
https://nurbobek.edu.kz/zhoba.html#sigProIdafea86c5a4