Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы
ақпарат
Жол жүрісі қауіпсіздігі – жол жүрісіне қатысушылардың жол-көлік оқиғаларынан және олардың зардаптарынан қорғалу деңгейін көрсететін жол жүрісінің жай-күйі. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» Заңымен және Ішкі істер министрінің нормативтік актілерімен реттеледі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жол жүрісі және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу көлікпен жүру және оны пайдалану қауіпсіздігіне қарсы жасалған қылмыс болып табылады.
Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді. Осы жол ересежіне байланысты біздің балабақшада аулада жол белгілері орналасқан атап айтсам бағдаршам макеті, ұзын жолақшалар (зебра жолы) бордюр макеті т.б. Сол сияқты ішке көлік кіруге рұқсат етілмейді деген белгі бар.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығының жоспарына сәйкес ересек, ортаңғы және мектепалды топтарында түрлі формаларда іс-шаралар өткізілді. Топтың жұмыстары бөбекжайдың Instagram
https://instagram.com/nurbobek_satpaev?igshid=MzMyNGUyNmU2YQ== және Facebook https://www.facebook.com/nurbobeksatpaev?mibextid=ZbWKwL парақшаларында жарияланды.
Ересек топтар «Кімге жол беру керек?» жол жүру ережелері дидактикалық ойын. «Жол ережелері мен жол белгілері» дидактикалық ойын.
«Жолда жазатайым оқиғалардың алдын алу сәті» https://www.instagram.com/reel/CzvacU1M_qv/?igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
https://www.instagram.com/reel/CzvQK7gMwF3/?igshid=NTYzOWQzNmJjMA== викторина сияқты әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы тәрбиеленушілерге жол жүрісі қауіпсіздігін түсіндіріп өтті.
Ортаңғы топтар «Жолда жүру ережесі» атты презинтация дайындады. https://www.instagram.com/reel/CztEpYWMyHx/?igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
https://www.instagram.com/reel/CztEpYWMyHx/?igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
Мектепалды топтары ойын-сауық арқылы өз жұмыстарын көрсете білді. Тақырыптарына тоқтала кетсем «Бағдаршам еліне саяхат» https://www.instagram.com/reel/CzzHfqtMqP3/?igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
«Қасқыр жол қозғалысы ережелерін зерттейді» https://www.instagram.com/reel/CzvdppJsxl4/?igshid=NTYzOWQzNmJjMA==,
«Маша и Медведь знакомятся с правилами дорожного движения» https://www.instagram.com/reel/CzxyuMLIZiP/?igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
Іс-шаралар мақсаты балалардың жолда жүру ережесімен таныстыру, балалардың көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу болып табылады.
Жол қозғалысы ережелерін сақтауды насихаттау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына, ұйымдастырылған іс-шаралар, интернет ресурстарында жол қауіпсіздігі бойынша жыл басынан 11 материалдар жарияланған.
Көшелерде апаттылықтың алдын алуға және жолдағы құқық бұзушылықтарға елеулі қарсы тұруды бірінші кезекке шығару қажет. Жолдарда қауіпсіздік ережесін сақтап, жүргізушілер барынша сақтық шараларына мұқият болып, жылдамдықты асырмай, жүргізуші мәдениетін қалыптастыруы керек.
https://nurbobek.edu.kz/auipsizdik.html#sigProIddb0d6fb2d7
«Өрт қауіпті - Балабақша әлемі»
Өрт сөндіргіш - бұл өрттердің пайда болуының бастапқы кезеңінде оларды сөндіруге арналған техникалық құрылғы. Әр адам өрт сөндіргіштің қалай жұмыс істейтінін және қалай жұмыс істейтінін білуі керек. Өрттің бастапқы кезеңінде өрт сөндіргіш өрт сөндірушілер келгенге дейін кішкене өртті сөндіру немесе өрттің таралуын болдырмау қажет болған кезде өмір мен мүлікті сақтай алады. Алайда, олар үлкен отты сөндіруде пайдасыз.
Өрт сөндіргішті пайдалану - әркім білуі керек маңызды дағды. Өрт айтарлықтай зиян келтіруі және өмірге қауіп төндіруі мүмкін, бірақ өрт сөндіргішті пайдалану арқылы кішкентай өрттің үлкен болуына жол бермейді. Есіңізде болсын, алдын алу әрқашан ең жақсы әрекет болып табылады, өрт сөндіргіштің болуы төтенше жағдайда көмектесе алады.
Сәтбаев қаласының өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт сөндіргіш құрылғы туралы, өртті болдырмау шаралары туралы балаларға түсінік беру мақсатында бөбекжайдың мектепалды «Күншуақ» топ балаларымен өрт қауіпсідігі туралы ақпаратты балаларға қолжетімді жеткізе алды.
Сондай-ақ топ тәрбиешісінің қолдауымен балаларға өрттен сақтану жолдарын үйретуді жалғастыру бағытында «Өрт-тілсіз жау!» https://youtu.be/6V3tSWZCptc?feature=shared , «Өрт сөндірушінің өмірі» https://youtu.be/D1CGop1mha4?si=y8HkAsKOhkewLPuk мультфильмдер көрсету ұйымдастырылды.
Өрт қауіпсіздігін сақтау— бұл шынымен де пайдалы дағды, сондықтан баланы үйретудің де мәні бар.


«Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК-да Сәтбаев қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерінің қатысуымен (азаматтық қорғау лейтенанты Ж.А. Жақсылықов) бөбекжай қызметкерлермен және тәрбиеленушілермен келесі тақырыптарда әңгімелесу өткізді:
- өрт әрекеттері;
- тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері;
- көміртегі тотығымен улану кезінде тыныс алу органдарын қорғау,
- су айдындарындағы мінез-құлық ережелері;
- ТЖ кезінде азаматтардың мінез-құлық ережелері;
- балалардың терезелер мен балкондардан құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу.


«Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК
2023 жылдың жазғы сауықтыру кезеңіндегі қауіпсіздік жұмыстарының мәліметі
2023 жылдың жаз мезгілінде бөбекжай ата-аналары мен қызметкерлеріне бала өмірінің қауіпсіздігін сақтау үшін қауіпсіздік ережелері ұсынылынып, анықтамалар мен жадынамалар, кеңестер таратылды.
Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол — өмірді сақтап қалу.
Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайға ұшыраған кездерде сабырлық сақтау керек. Осы Қауіпсіз жаз бөлімінен өмірге ең керекті қауіпсіздік ережелерімен таныса отырып, дер кезінде өз өмірімізді сақтап қалуға тырысайық. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану әркімнің міндеті.
Жаз – балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезең. Ал ата-аналар өте мұқият болуы керек, себебі демалыс орындарында түрлі қауіптер болуы мүмкін. Сондықтан әр ата-ана жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныс болған жөн. Оны балаларыңызға айтып қойған артық етпейді.
Жазғы сауықтыру кезіндегі жалпы қауіпсіздік ережелері.
Қауіп тек демалыс орындарында емес, балалар алаңында, жолда немесе қоғамдық орындарда да болады. Сондықтан кей ұсыныстарды ескерген дұрыс:
- Балаға күн тиіп қалмас үшін жаздың ыстық күндері міндетті түрде бас киім кигізу керек;
- Баланың тамақ ішер алдында қол жууды әдетке айналдыруын қадағалаңыз;
- Жаз мезгілінде тамақтан уланып қалу қаупі артатындықтан, жемістер мен көкөністердің балғын болуын қадағалап, жақсылап жуыңыз;
- Баланы бағдаршамнан өтуге үйретіп, автомобиль тигізуі мүмкін қауіп туралы түсіндіріп айтыңыз;
- Балаға ойнау алаңында өзін қалай ұстау керектігін айтыңыз. Соның ішінде, әткеншекке жанынан келу керектігін түсіндіріңіз;
- Баланы жазғы кездегі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру керек. Ересек адамсыз от жақпауын өтініп, оның жылдам тарайтындығын айтыңыз.
Жазда судағы қауіпсіздік ережесі.
Отбасылардың барлығы ыстық күндері балаларымен бірге суға шомылуға барады. Ересектер де, балалар да рақаттана суға түсіп, күнге күйіп, таза ауамен демалады. Суға шомылуға барарда мына ережелерді ескерген жөн:
- Балаға сіздің қарауыңызсыз тіпті, үрлемелі дөңгелектер мен матраста болса да суға түсуіне рұқсат бермеңіз;
- Кішкентай баланы суға тек жүзгіш жилетпен немесе жеңдікпен жіберіңіз;
- Балаларға суда тығылатын немесе бір-бірін батыратын ойын ойнауына рұқсат бермеңіз. Оның орнына қуыспақты да, тығылыспақты да жаға-жайда ойнауларын өтініңіз;
- Күн қатты ысып кетсе, баланың терісі күйіп кетпес үшін арнайы күннен қорғайтын құрал жағып қойыңыз.
- Салқын тиіп қалмас үшін баланың суда болған уақытын бақылаңыз;
Жазда табиғаттағы қауіпсіздік ережесі
Егер отбасыңызбен табиғатқа (орман, саябақ) шықсаңыз, мына ережелерді есте сақтаңыз:
- Мұндай жерлерде әдетте, кене көп болып келеді. Сондықтан балаға жабық шалбар мен жабық аяқ киім кигізген жөн. Шалбар балағын шұлыққа салып қойыңыз;
- Балаға ормандағы таныс емес саңырауқұлақтар мен жидектерді жеуге болмайтындығын түсіндіріңіз. Олар улы болуы мүмкін;
- Сона, ара секілді жәндіктердің шағуын болдырмас үшін олар бар кезде қозғалмай тұру керектігін айтыңыз;
- Мүмкіндік болса, баланы қараусыз қалдырмаған жөн.
«Нұрбөбек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жазғы сауықтыру кезеңіне арналған жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 31-мамырдағы №5 хаттамалық шешімімен ұсынылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдары бойынша қарастырылған.
Жазғы сауықтыру жұмыстарын жоспарлауда танымдық-дамытушылық бөлімі бойынша танымдық процестерді, қызығушылық пен зерттеушілік қызығушылықты дамыту, балалардың шығармашылық қабілеттерін ашумен қатар қауіпсіздік туралы, балалардың денсаулығына зиян келтіретін заттарды шектеу туралы жоспарға енгізілініп жүргізілінуде.
Маусым айы
- «Дымбілместі бірігіп үйретейік» ойын-сауық
https://www.instagram.com/reel/CtwC_cUA8QM/?igshid=NjIwNzIyMDk2Mg==
Мақсаты: қатал бағдаршам күнінде көше қозғалысы ережелерін еске түсіріп қоса спортпен байланыстыру. Балалардың дене бітімі дұрыс қалыптасып, іс қимылдары жетіліп, қозғалыстық белсенділігін жетілдіру, бала ағзасын шынықтыру. Дымбілместің және балалардың ойынауға деген белсенділіктерін арттыру, ептілікке, батылдыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу.
- «Табиғатты аялайық!» ойын-сауық
https://www.instagram.com/reel/CukJi5agfz7/?igshid=NjIwNzIyMDk2Mg==
Шілде айы
- «Жолда сақ бол!» ойын-сауық
https://www.instagram.com/reel/Cun3UBTo06K/?igshid=NjIwNzIyMDk2Mg==
- «Қиындықты қалай болдырмауға болады?» ойын-сауық
https://www.instagram.com/p/CuzqKYyMOKm/?igshid=NjIwNzIyMDk2Mg==
(үйде, табиғатта, көшеде қауіпсіз мінез-құлық негіздері)
- «Балаға – мұқият, қиындықтан - сақ болайық!» жадынама
https://www.instagram.com/p/Cu3F4SQomTp/?igshid=NjIwNzIyMDk2Mg==
Тамыз айы
- «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» ойын-сауық
Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымда балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында, сонымен қатар балаларға жол ережесі туралы түсінік беру үшін ойын сауық ретінде жасақтау.
https://www.instagram.com/reel/Cu7bB79Aw-k/?igshid=NjIwNzIyMDk2Mg==
- «Жол белгілері не үшіне керек?» өнегелі мультфильмдер көрсету. https://youtu.be/aPVQ0jrzlZw , https://youtu.be/oCPp_7Rbrao, https://youtu.be/eewvn7qEI3A, https://youtu.be/4Q9eqgEV1e8, https://youtu.be/GqcoPdgAZ-M.
- Терроризмге және өртке қарсы ата-аналарға жаднама рәсімдеу. https://www.instagram.com/p/Cvb1MVKs_KF/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==.










«Нұрбөбек» бөбекжайы КМКҚ
Төтенше жайлар мен өрт қауіпсіздігінен сақтануіс-шаралары
туралы ақпарат
Бөбекжайда төтенше жайларда не істеу керектігі туралы, өрттен сақтанудың жолдарын үйрену және жолда жүру ережелерін меңгеру тақырыбына ересектер мен мектепалды даярлық топтарында тақырыптық оқу қызметтер ұйымдастырылды.
Мектепалды даярлық «Балапан» тобында «Өрт – қауіпті есте сақта!» тақырыбында ата-аналармен бірлескен жұмыстармен байланыстыра отырып, топ тәрбиешісі Қызайбекова Ж.Ж. іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты Өрт тілсіз жау, өрттен сақтану жолдарын үйрету. Балалардың өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру, өз өмірлері үшін жауапты екенін ұғындыру.
Нәтижесінде кенеттен пайда болатын жағдайларда керекті телефон нөмерлерін жатқа айтқызу, тақпақ, сурет арқылы ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Балаларға жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, әдепті және байыпты сөйлеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа үлкеннің айтқанын тыңдай білуге тәрбиелеу. Өрттен сақтану туралы білімдерін бекіту мақсатында, балалардың мақал – мәтелдерді жатқа айтты. Кейіпкер болып келген қоянға оттықтың, шырпының ондай қауіпті тұдыратынын ойламаппын, енді оттықпен, шырпымен ойнамаймын деп балалардың үйретулеріңмен көп нәрсені білдім деп рақмет айтады. Балалар жануарларға өрт қауіпсіздігін үйрете отыра өздерінің білімдерін бекіте түседі. Балалар ата-аналармен бірлесе отырып өрт қауіпсіздігіне байланысты суреттер салып көрме ұйымдастыру арқылы біліктерін теңдете түсті.
Мектепалды даярлық «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Абелденова Б.Қ. «Отпен ойнама!» тақырыбын презентация арқылы өрт қауіпсіздігі туралы түсінік берді.
Мақсаты әр адамның өз өмірі үшін жауапты екенін ұғындыру. Өрт сөндірушілердің қалай жұмыс жасайтындарын көрсе отырып, осы мамандыққа деген құрмет сезімдерін ояту. Күтеген жағдайда өрт қатты жанса, ондай жағдайда негізгі мақсат тез үйден кету. 101 – ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болатынын терең түсіндіру жұмыстары мен келесі ұсыныстар берілді.
- Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті
сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын еңкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
- Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті
күшейтіп жібереді.
Мектепалды даярлық «Солнышко» тобында жолда жүру ережесі мен көліктерден сақтану жолдарын плакаттарды қолдана отырып, жол белгілерін қолдана отырып және өрт қауіпсіздігі туралы әңгіме өткізді.
Мақсаты балаларды жолда жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Бағдаршам, белгілердің атқаратын қызметімен таныстыру.Көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын, зейіндерін дамыту. Өрттің қаншалықты қауіпті екенін туралы, өрттен, оттан сақтану жолдарын, балаларға өрттің алдын алуға ынталандыру, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Қорыта келе бөбекжайда өрттің пайда болуымен байланысты төтенше жағдайлардың қаупін барынша болдырмау үшін ұйым өртке қарсы қорғауды жетілдіру бойынша шараларды жүйелі түрде жүзеге асырады және өртті алдын-алу бойынша тұрақты ұйым қызметкерлерімен және тәрбиеленушілермен іс-шаралар жүргізіледі.
https://nurbobek.edu.kz/auipsizdik.html#sigProIde600f1a4b5