oC

 

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

  • Білім беру ұйымының атауы: Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «Нұрбөбек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

       Орналасқан жері: Сәтбаев қаласы, Шаталюк көшесі 40 ғимарат

        Телефон нөмірлері: 8(71063)31632, 87774855542;

        электрондық пошта Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

  • уақытша бос лауазымның атауы: тәрбиеші

жүктеме мөлшері: 1,0

еңбекке ақы төлеу мөлшері: 161 963 теңгеден бастап

Негізгі функционалдық міндеттері:

 Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.

 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу) жетекшілік етеді.

Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады. Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.

Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады. Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді. Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;

      тиісті бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе қайта даярлау курсынан өткендігін растайтын құжат, тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, жұмыс өтілі талаптары қойылмайды;

Біліктілік деңгейі жоғары болған жағдайда педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл;

мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін 2 жылдан кем емес, педагог-сарапшы үшін 3 жылдан кем емес, педагог-зерттеуші үшін 4 жылдан кем емес.

      4) құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.07.2024- 01.08.2024ж

      5) қажетті құжаттар тізбесі;

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  10. Педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.