oC

Эстетикалық сауаттылық апталығы

«Бұл әлем қандай тамаша!»

 

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнер туындыларын эстетикалық қабылдау және түсіну үшін кеңістіктік орта құру негізінде қоршаған әлемге эстетикалық қатынасты қалыптастыру.

Міндеттері:

 - эстетикалық сауаттылық апталығының іс-шараларын дайындау, ұйымдастыру және өткізу арқылы педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру;

- тәрбиеленушілерді өзіндік шығармашылық іс-әрекетке тарту, өнердің әртүрлі түрлері: ауызша, музыкалық, бейнелеу, табиғат әлемі қызығушылықтарын арттыру;

-  өнер түрлері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

 – мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық қасиеттерін, әдемі сезімдерін қалыптастыру үшін, тәрбие-білім беру процесінің барлық қатысушыларымен біріктіру.

I күн  - «Көркем шеберханасы»;

II күн – «Музыкалық сыр-сандық»;

III күн –  «Шеберлер қаласы»;

IV күн - «Әдеби кеш»;

V күн - «Театр шеберханасы».