oC

Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы. Барлық адам бір - біріне қажет. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбы -  құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір бала үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқыту - білім алу барлығынада қол жетімді деген қағидаға негізделетін оқыту. Оқытуды балалардың  түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу.

Педагог ретіндегі баршамыздың мақсатымыз бір - ЕББҚБ балаларды қоғамға бейімдеу, оларды әлеуметтендіру, қатарластарымен тең дәрежеде тәрбиелеу және дамыту. Оны түсіну және қандай болса сол қалпында қабылдау оқыту мен тәрбие процесін жеңілдетеді. Сондай - ақ, ерекше баланың ата - анасына да ерекше мейірімді, жылы, мұқият қарым - қатынас жасалуы керек. Олар жан - жақты қолдау мен жылылыққа мұқтаж.