2023 жылы
"Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша
"Нұрбөбек"бөбекжайы" КМҚК
жылдық есебі
Халыққа "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде 2023 жылы жеке тұлғалардың 152 өтініші қаралды, барлық өтініштер " Электрондық үкімет "веб-порталына (бұдан әрі-ЭҮП) келіп түсті .
Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдер қабылданды:
- 152 өтініш 100% Қанағаттандырылды;
- бас тартылды- жоқ
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында балабақша ғимараттарында ақпараттық стендтер - 2 баннер орналастырылған. Сонымен қатар, ай сайын ата-аналарға арналған 24 буклет шығарылды. Балабақшаның интернет-ресурсында "Индиго"порталы арқылы кезекке қоюдағы өзгерістер туралы ақпарат жарияланды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2023 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылды. Интернеті бар компьютер және принтер орнатылған. 2023 жылы 35 адам өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдаланды.