2023 жылы «Нұрбөбек» бөбекжайында Ұлытау облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес «Әдіскердің бір күні» тақырыбында әдіскерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында өзара тәжірибе алмасу күні өтті. Өзара тәжірибе алмасу күніне Ұлытау облысы білім басқармасына қарасты аймақтардағы Жаңаарқа, Қаражал, Ұлытау бөбекжай әдіскерлері келді. Қонақтар таңертеңгі жаттығудың ұйымдастыру кешенімен, мектепалды топтардың қорытынды ұйымдастырылған іс-әрекетіне, ересек топтардың 1-мамыр мерекесіне сай өткізілген ойын-сауықтарында, серуендеуді бақылап, түскі асты ұйымдастырудың сәтінде және бөбекжайдың жылдық жоспарына сай «Дәстүрлі емес сурет салу әдіс- тәсілдері» тақырыбындағы семинарға қатысты. Бөбекжай әдіскері Г.Б.Сейтжапбарова қонақтармен тәжірибе алмасып, шығармашылық ой бөлісті.