«Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК шеңберінде құрылған құзыреттілік орталығының жүзеге асыру жұмысы
«Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК
шеңберінде құрылған құзыреттілік орталығының жүзеге асыру жұмысы
2024 жылдың 26 қараша күні Сәтбаев қаласының «Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК шеңберінде құрылған құзыреттілік орталығының жоспарына сай тәжірибе алмасу жұмысы өтті. «Күншуақ» бөбекжайының педагогтері тәжіриелерімен бөлісті.
Мақсаты: білім беру қызметтерінің жоғары сапасына көшуді жүзеге асыру. Мектепке дейінгі сапалы білімге барлық балалардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған және қазіргі әлемнің өзгеріп отырған жағдайларына белсенді жауап беруге мүмкіндік беретін модель құру.
Құзыреттілік орталықтың жұмысына Сәтбаев қаласы білім бөлімінің әдіскері Хасенова Гулбану Сейтбековна қатысып, сәттілік тіледі.
Тәжірибе алмасу «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында ертегі желісі бойынша жаңа бағытта тиімді өзгерту енгізілген театр қойылыммен жүзеге асырылды.
Ертегі қойылымы балалардың іскерлік қасиеттер мен дұрыс қаржылық түсініктерін дамытуға бағытталды.
Бір ертегі желісі арқылы барлық білім беру дағдыларды қамтылды. Ұжым педагогтерінің ізденіспен ізгілік жолында дамуын көрсетті. Сондай-ақ барлық топтарда болу арқылы заттық-дамытушы ортаның бала жасына сай және қол жетімді ретте орналастырумен дамытушы ойындардың қабырғада, едендерде, жатын кереуеттің тақтайшаларында орналастырылғаны көзге түсті.
«Біз біргеміз-бірге іргеміз» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды.
Тәжірибе алмасу күніне Сәтбаев қаласы «Нұрбөбек», «Балапан», Ұлытау ауданы «Айгөлек», Жаңаарқа ауданы «Еркетай» бөбекжайларының әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.
https://www.instagram.com/p/DC1bMz_sfY1/?igsh=MTE4cTg3enpnbWZ2ZA==
Құз.орталық ұсынысы
Құзырет.орталық жұмысы 2