«Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңын жүзеге асыру» бойынша «Нұрбөбек» бөбекжайы» КМҚК-нің
2021 жылға арналған іс – шаралар жоспарының
орындалысы бойынша ақпарат
Мектепке дейінгі ұйымда Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні қарсаңында «Туған тілім – тірлігімнің айнасы» атты ертеңгілік ұйымдастырылды.
Өткізілген іс–шара тәрбиеленушілердің өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір–қасиетін дарыту, өзге ұлт тілін құрметтеп, өз ана- тілін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатын қамтыды.
Өткізілген жұмыс түрлері баланы қызықтырып, қазақ, орыс, өзбек, украин халықтарының тұрмыс – тіршілігі мен мәдениеті жайлы терең ұғым түсінік берді. Ертеңгілікте тәрбиеленушілер осы халықтардың ұлттық ойындарын ойнап, тақпақтарын ортаға салды, әндері шырқалды. Бүлдіршіндердің тілді құрметтей білуге баулуда бұл іс-шараның маңыздылығын айтып өтуге болады.
https://nurbobek.edu.kz/novosti-kz/89-tu-an-tilim-tirligimni-ajnasy.html#sigProIdf6cfb88256