25.09-27.09.2023 жылы Қарағанды облысы бойынша «Өрлеу» курсының тыңдаушылары Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, «Нұрбөбек» бөбекжайы базасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының балалардың еркін ойын ойнауы бағытында көшпелі тәжірибе алаңы жұмыс жасады.
Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы мектеп жасына дейінгі балалардың еркін ойын барысындағы әрекеттеріне бағыт-бағдар беру арқылы ойындар ұйымдастырса келесі күні курс тыңдаушылары өздерінің инновациялық сюжеттік-рөлдік ойындарын ұсынды. Бөбекжай бойынша экскурсия жасалды. «Нұрбөбек» бөбекжайы педагогтері мобильді кітапхана, инновациялық музыка ойындары бойынша мастер класстар көрсетті.
Аталған іс-шара мекеме педагогтері үшін де қонақтар үшін де тиімді тәжірибе алмасу болды.