Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір - біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай - қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Мемлекеттің дамуына бармақ басты, көз қысты саясаттың зардабының қандай екені белгілі. Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Елімізде әр азамат өз тарапынан жемқорлыққа төзбеушілік танытқанда ғана ел болып өркендейтіні анық.
2022 жылдың ақпан айында Сәтбаев қаласының «Нұрбөбек» бөбекжайында КМҚК «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымның жас мамандары яғни педагогтары қатысуымен эссе жазудан сайыс өтті. Сайысқа 7 жұмыс тіркелді. Сол жолданған жұмыстарға мекеме директоры, тіл мамандарынан тұратын топ әділ қазылық жасады.
Байқау мақсаты:
- Жас мамандарда жағымсыз әлеуметтік құбылыс ретінде, осы құбылыстың пайда болу себептерін және қоғамға келтірілген зиянды түсіну арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік көзқарасты қалыптастыру;
- Азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, заңның, Ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қажеттілігі сияқты ұғымдардың маңыздылығын сезіну.
Байқауға қатысушы жас мамандар сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді эссе мазмұнында көрсете білген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлға белсенді азаматтық ұстаным білдіруі қажет.